Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін гранттарды кім ала алады

2004

Мемлекеттік грант кәсіпкерлердің қажетті мүкәммалды, еңбек құралын, технологиялық жабдықты, мал мен құс сатып алуы үшін беріледі. 

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін гранттарды кім ала алады

Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлайтын тұлғаларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі, деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер бола алады.

Грант мөлшері: 100 АЕК-ке дейін.

Мемлекеттік грант кәсіпкерлердің қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуы үшін беріледі. 2019 жылы жаңа бизнес-идеяларды ашуға берілетін мемлекеттік грант алушылар саны 50-ден 200-ге дейін артқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу