Жаңа бизнес-идеяларға 1,2 млн теңге дейін қаржы беріледі

1129

Жобаларды іске асыруға гранттар мөлшері 2 есеге ұлғайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазды inbusiness.kz. 

Жаңа бизнес-идеяларға 1,2 млн теңге дейін қаржы беріледі

"Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар мөлшері 200-ден 400 АЕК-ке (1,2 млн теңге) дейін 2 есеге ұлғайды", – деді вице-министр. 

Ведомство өкілі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын қайта форматтау бойынша жұмыс жүргізілгенін атап өтті. 

"Биылғы жылы ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 700 мың адам тартылатын болады, оның ішінде 36 мың адам кәсіптік оқытумен қамту жоспарлануда, 50 мың адам кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жәрдем көрсетеді, 97,6 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылады. 2022 жылдың екі айында Ұлттық жобаға қатысушылар құрамына 115,6 мың адам енгізілді. Оның ішінде, 31,6 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 36,4 мыңы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 8 мыңы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 3,3 мыңы жастар практикасына жіберілді, 326 адам "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары аясында жұмысқа орналастырылды", – деді Ержан Біржанов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу