Жаңа электромобиль Қазақстанда сатылуы мүмкін

891

Ioniq 5 батареялы кроссовері 2021 жылы сатылымға шығады. 

Жаңа электромобиль Қазақстанда сатылуы мүмкін

Модельге алдын ала тапсырыс беретін парақшада жаңа көліктің сипаттамасына қатысты ақпарат жарияланды. Техникалық мінездемесінде күштік құрылымы 313 ат күшін береді деп жазылған. Машина 5.2 секундта жүзге дейін жылдамдық алады, жүріс қоры 450 шақырымға жетеді. Сыйымдылығы 58 кВт·сағ батарея 15 минутта 20-дан 80 %-ға дейін қуатталады. 

Габариті 4640 х 1890 х 1600 мм бес орындық көліктің дөңгелек базасы - үш метр. "Ионик" № 5 концепт түрінде бірнеше жыл бұрын көрсетілген, сондықтан оның сырт кейпі жұртты таңғалдырады деп айту қиын. 

Ioniq 5 келесі жылы күзде ресми таныстырылады. Модель Қазақстанда сатылуы бек мүмкін. 

Олжас Оқас

Фото: itc.ua

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу