"Жаңа Қазақстан" форматында ұсынылған реформаларды үнемі қадағалап отырамыз – Қанатбек Азиз

426

Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Қанатбек Азиз еліміздегі саяси реформалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды. 

"Жаңа Қазақстан" форматында ұсынылған реформаларды үнемі қадағалап отырамыз – Қанатбек Азиз Фото: Әлеуметтік парақша

"Қырғыз Республикасы, оның ішінде елдегі Ұлттық стратегиялық зерттеулер институты "Жаңа Қазақстан" форматында ұсынылған реформаларды үнемі қадағалап отырады. Сонымен қатар біз оған тікелей қатысушымыз деуге де болады. Оны мамыр айында референдум жарияланған сәттен бастап бақыладық", - деді ол "Орталық Азия-2030: Болашақтың келбеті" атты сарапшылар кездесуінде.

Спикер көршілес екі елде жүзеге асырылып жатқан реформаларда өзара ұқсастық бар екенін жасырмады.

"Жалпы Қазақстандағы реформалар синхронды сипатта және дұрыс өтіп жатыр деуге келеді. Егер бұл мәселеге қарайтын болсақ, сіздерде алдымен референдум өтті, содан кейін Президенттік сайлау болды. Күні кеше ғана Қазақстан Президенті Парламент Мәжілістің тарату және кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.  Бұл – дұрыс шешім. Себебі Мемлекет басшысы реформаларды жалғыз өзі жүзеге асыра алмайды. Әрине оған атқарушы және заң шығарушы органның қолдауы керек", - деп атап өтті сарапшы.

Қанатбек Азиздің сөзінше, Орталық Азияның белгілі бір еліндегі оқиғаның тек сол мемлекетке ғана емес, жалпы аймаққа да қатысы бар.

"Мысалы, былтыр Қазақстанда болған оқиғалар бүкіл аймақтың қауіпсіздігіне, болашағына және т.б. белгілі бір деңгейде әсерін тигізді. Яғни, бұл тек қана бір ғана елде болып жатыр, соған ғана қатысы бар деп айту қате", - деп қорытындылады спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу