Жаңа кен орындарын іздеуге қомақты қаржы бөлінбек

832

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев алдағы 5 жылда геологиялық барлаудың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа кен орындарын іздеуге қомақты қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.    

Жаңа кен орындарын іздеуге қомақты қаржы бөлінбек

Оның айтуынша, "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасында геология саласын дамыту бағыты көзделген.

"5 жылда геологиялық барлаудың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін мемлекеттік бюджеттен 63 млрд теңге көзделіп отыр. 2025 жылы еліміздің батыс және орталық өңірлерінде деректерді өңдеу орталығы бар қор материалдарының және 2 керн қоймасын салу жоспарланып отыр", – деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Серікқали Брекешев алдағы уақытта 680 мың шақырымнан аса аумақта геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

"Бұл геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге, салаға инвестиция тартуға, геологиялық карталарды жасауға мүмкіндік береді", – деді ведомство басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу