Оның айтуынша, құжат қоғам назарында болып, азаматтардың ұсыныстары комиссия жұмысының маңызды бөлігіне айналып отыр.
Қазіргі таңда Конституциялық комиссияның хатшылығына e-Өтініш платформасы арқылы 4 мыңнан астам ұсыныс түскен. Олардың қатарында жалпы қолдау білдірген пікірлермен бірге, жекелеген баптардың мазмұнын нақтылауға және редакциясын жетілдіруге бағытталған тұжырымды ұсыныстар да бар.
Эльвира Әзімованың айтуынша, алдыңғы отырыстарда басталған пікір алмасу ары қарай да жалғасады. Бұл – қоғам өкілдерінің жаңа Конституцияны саналы әрі белсенді түрде талқылап отырғанын көрсетеді.
Сонымен қатар Конституциялық комиссия мүшелері алдағы кезеңде де жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру жұмысын жүйелі түрде жүргізіп, кәсіби әрі мазмұнды диалогқа басымдық беретінін атап өтті.