Жаңадан құрылған цифрлық-саяси партияның атауы мен мақсаты белгілі болды

2333

Ұйым басшысы партия бюджеттік қаржыландырудан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы Санжар Боқаев арнайы брифингте мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жаңадан құрылған цифрлық-саяси партияның атауы мен мақсаты белгілі болды

"NAMYS" – цифрлық саяси партия, оның негізгі қозғаушы күші заманауи және озық қазақ жастары", – деді Санжар Боқаев өз сөзінде. 

Оның айтуынша партияның басты құндылығы – адам.  

"Миссиясы – халық мемлекетін құру. Мақсаты – әділеттілік орнайтын, адал да әдепті адамдар басқаратын мүлде жаңа Қазақстан құру", – деді Боқаев баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол жуырда Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсыратынын атап өтті. 

"Біріншіден, парламентке келген біздің партия бюджеттік қаржыландырудан бас тартады", – деді спикер. 

Бұл ретте Санжар Боқаев Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты үш жылда толық жеңуге болады, тек саяси ерік керек деп есептейді. Сонымен қатар алдағы екі айда цифрлық партияның мобильді қосымшасы іске қосылатынын жеткізді. 

Еске сала кетсек, қоғам белсендісі Санжар Боқаев саяси партия құрғанын мәлімдеген еді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу