Жаңа облыстарда қайта тіркелудің қажеті жоқ

598

Жаңа облыстардың салық төлеушілеріне салық органдарында қайта тіркелуден өтудің қажеті жоқ, деп жазды inbusiness.kz

Жаңа облыстарда қайта тіркелудің қажеті жоқ

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Жаңа облыстардың заңды тұлғаларына, жеке кәсіпкерлеріне, жеке тұлғаларына қайта тіркелуден өтудің қажеті жоқ. Өйткені ақпараттық жүйелерде салық төлеушілерді қайта тіркеу автоматты түрде жасалады. Сондай-ақ бақылау-касса машиналары (БКМ) тіркелген мекен-жайлар да автоматты түрде жаңартылады.

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер күшіне енген соң, мемлекеттік кірістер органдарының жаңартылған кодтары https://kgd.gov.kz интернет порталында жарияланатын болады. Жаңа кодтар салық есептілігін тапсыру және салықтарды төлеу үшін қажет.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу