2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Жаңа оқу жылында "кезекші сыныптар" қалай оқытылады

12028

Сабақтар бір кабинетте өткізіліп, үзіліс әр түрлі уақытта болады

Жаңа оқу жылында "кезекші сыныптар" қалай оқытылады

Нұр-Сұлтан Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жаңа оқу жылында "кезекші сыныптар" қалай жасақталып, оқытылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"1 қыркүйекте жаңа оқу жылы елордалық мектеп (1-11 сыныптар) пен колледждің бәрінде сабақ қашықтан оқыту форматында басталады. Бұл ретте қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, бастауыш сыныптың оқушылары үшін "кезекші сыныптардың" жұмысы жоспарлануда. Оның қалай жұмыс істейтінін түсіндіре кетейін: Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, "кезекші сыныптар" ашылады. Оқу бірнеше ауысыммен жүзеге асады. Сыныптар кіші топтарға бөлінеді. Ол топтарда оқушы саны 10-15-тен аспайды. Сабақтар бір кабинетте өткізіліп, үзіліс әр түрлі уақытта болады. Сонымен қатар, сабақтардың бір бөлігі қашықтықтан жүргізіледі", – деді деді Шолпан Қадырова қала әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда бұл ретте барлық санитарлық талаптарды сақтау – басты міндеттердің бірі. Санитарлық нормаларды сақтау үшін мектептер дезинфекциялау құралдарымен, сенсор термометр, қорғаныс құралымен қамтамасыз етіледі.

Ал дәстүрлі форматтағы оқу жағдайында, яғни кезекші сыныптардың жұмысы үшін алгоритм келесідей болады:

- ата - аналар балаларды "кезекші сыныптарға" әкеледі, бірақ ғимаратқа кірмейді.

- мектептің кіреберісіне дезинфекциялық кілемше төселеді;

- мектепке кірер кезде баланың температурасын өлшеу;

- қолды антисектикпен өңдеу және масканың болуы міндеттеледі;

- барлық қабаттарда және әрбір "кезекші сыныпта" санитайзер орнату;

- сыныпты желдету, кварцтау және жуу кестесі;

- қызыл сызықпен белгілей отырып, медициналық кабинеттердің жанында оқшаулау бөлмесін ашу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу