"Өрмекші адам: Жаңа күн" фильмі алғашқы демалыс күндері Солтүстік Америкада 355 миллион доллар жинап, Голливуд тарихындағы ең табысты екінші дебют атанды. Туынды биыл АҚШ пен Канадада ең көп табыс әкелген премьера болды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.
Фильм халықаралық прокаттан қосымша 572 миллион доллар табыс тапқан. Оның 121 миллион доллары Қытай нарығына тиесілі. Бұл ретте "Өрмекші адам: Жаңа күн" Солтүстік Америкада пандемиядан бергі ең жоғары кассалық түсімге қол жеткізді.
АҚШ пен Канададағы ең табысты дебют болып 2019 жылғы "Кек алушылар: Финал" фильмі есептеледі. Жаңа "Өрмекші адам" туындысы одан небәрі 2 миллион долларға ғана қалып отыр.
Өрмекші адам – Marvel комикстеріндегі ең танымал кейіпкерлердің бірі. Актер Том Холланд 2016 жылдан бері Өрмекші адамның бейнесін төртінші рет сомдап отыр. Жаңа фильм басты кейіпкердің жалғыздықпен күресі мен адамдармен қарым-қатынас орнатуға деген талпынысын баяндайды.
Reuters мәліметінше, бұл тақырып көрермендер мен киносыншылардың оң бағасына ие болған.