Жаңа Парламентте арнайы тағайындалған "таңдаулы тұлғалар" болмайды – Президент

Депутаттар бұдан былай пропорционалды жүйе қағидатымен сайланбақ.  

Жаңа Парламентте арнайы тағайындалған "таңдаулы тұлғалар" болмайды – Президент Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының сөзінше, мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейте түседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда ұсыныстардың үшінші бөлігі жаңа Парламентті жасақтау тәртібі туралы болғанын айтты. Жаңа сайлау олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырмақ. 

– Кейбір партиялар Парламентпен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарды пропорционалды жүйемен жасақтауды ұсынғанын білемін.

Бірақ аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойлаймын. Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақсы естілуі қажет. Бұл – мен үшін айқын ұстаным.
Талқылау кезінде маған Парламенттегі Президент квотасын қалдыру керек деген ұсыныс айтылды. Бірақ мен жаңа Парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін.

Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған "таңдаулы тұлғалар" болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануы тиіс. Соған сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады, – деді Мемлекет басшысы. 

Бұған дейін Жаңа Парламентте 145 депутат болуы мүмкін екенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу