Жаңа салық кодексіне сәйкес ҚҚС мөлшерлемесі 12-16%-ға өседі

215

2030 және 2050 жылдарға дейінгі кірістер мен шығындар талдауы жасалды. 

Жаңа салық кодексіне сәйкес ҚҚС мөлшерлемесі 12-16%-ға өседі Фото: inbusiness.kz

2030 жылға дейін Үкімет алдында 100 млрд теңге жинау міндеті тұр. Мақсатқа жетудің екі жолы бар — көлеңкелі экономикамен күрес және ҚҚС мөлшерлемесін өсіру, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Өткен жылы біз мемлекеттік қаржы тұжырымдамасын бекіттік. Осы тұжырымдама аясында біз 2030 және 2050 жылдарға дейінгі кірістер мен шығыстардың талдауын, дәлірек айтсақ, болжамын жасадық. Сонымен, талдау нәтижелерін айтар болсақ, кірістердің өсу қарқыны шығындардың өсу қарқынынан әлдеқайда төмен. Оған қоса, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемесі табысқа қарағанда тез өсетіндігін ескерсек, шығынды немен жабамыз деген сұрақ туындайды", — деді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.

Сондықтан, Ұлттық қорды пайдалануды қысқарту қажеттігін ескере отырып, 2030 жылға дейінгі талдау нәтижесі бойынша 100 млрд теңге жинау қажеттігі туындаған.

"Жалпы, кірісті ұлғайту міндеті тұр. Кірістерді әртүрлі тәсілдермен көбейтуге болады: ең алдымен, бұл көлеңкелі экономикамен күрес (салық базасын ұлғайту). Ол үшін әкімшілендіру мен цифрландыруды жақсарту қажет. Екінші бөлім – салық ставкасының өсуі. Егер біз республикалық бюджетті алсақ, бізде 2 үлкен салық бар — корпоративтік табыс салығы және ҚҚС. Корпоративтік табыс салығы салық жүктемесінің коэффициентімен тікелей байланысты және өсімге әсер етеді, сондықтан біз бұл жолмен жүрмедік — біз салықтың бұл түрін көбейтпейміз. Біз ҚҚС мөлшерлемесін арттыру дұрыс болар деп шештік. ҚҚС жанама салық болып табылады және ол бизнес үшін салық жүктемесінің коэффициентіне қатыспайды. Сонымен қатар, осы салық есебінен республикалық бюджетке ең үлкен түсім түсетінін ескерген жөн. Сондықтан, мөлшерлемені 12%-дан 16%-ға дейін арттыру ұсынылады", — деп түсіндірді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу