Жаңа салынған үйлер 20% қымбаттаған

914

Тұрғын үй бағасы бесінші жыл қатарынан өсіп келеді.

Жаңа салынған үйлер 20% қымбаттаған

Қазақстанда жаңа салынған үйлердің бағасы бір жылда 20%, ал бұрын пайданалуға берілген үйлер 28% өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биыл сәуірде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда пәтерлерді қайта сату бағасы 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 20,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғы сәуірмен салыстырғанда 22,2% артты", - деп жазылған Ұлттық статистика бюросы таратқан хабарламада.

Бір айда (биыл наурызбен салыстырғанда) бұрын пайданалуға берілген пәтерлер бағасы 1,8% өсіп, бір шаршы мерті 459 мың 137 теңге болды.

"Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі сәуірде 0,8%-ға жоғарылап, бір шаршы метріне 412 мың 315 теңге және 3 561 теңге болды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу