Жаңа туған нәрестемен Қазақстаннан кетпек болған Қытай азаматтары ұсталды

92

Алматы қаласы Полиция департаменті ақпаратты растады.  

Жаңа туған нәрестемен Қазақстаннан кетпек болған Қытай азаматтары ұсталды Фото: nutricia.ua

Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған сәбилері бар шетелдіктер Қазақстаннан кетпек болғанда қолға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

11 қараша күні Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған сәбилері бар қытайлық екі отбасылық жұп ұсталды. Шетелдіктердің балаларға қатысты құжаттары болған, бірақ олар Қазақстаннан шыға алмады.

“Бұл факті бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлімі (Кәмелетке толмағандар  саудасы) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазір іс бойынша тергеу жүргізілуде”, – деп хабарлады Полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу