ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" ұшқыштары Қобда ауданынан Ақтөбе қаласына жаңа туған сәбиді облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізу үшін санитариялық авиация рейсін орындады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұшу барысында кішкентай науқастың жағдайын санитариялық авиация дәрігерлері тұрақты бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмек көрсетті.
Санитариялық авиация рейстері төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе шалғай елді мекендердің тұрғындары үшін аса маңызды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу