Жаңа үлгідегі мектептер заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталады

383

Оқу-ағарту министрлігі заманауи білім беру кеңістігін құру үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны әзірледі.

Жаңа үлгідегі мектептер заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталады Фото: Pixabay.com

Қазақстанда жаңа форматтағы мектептерді салуға қойылатын талаптар бекітілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, жеті жобалық қуаты бойынша мектептерді жобалаудың нақты үлгілік тапсырмалары әзірленіп, бекітілді. Екіншіден, эргономиканың талаптарына, сондай-ақ білім беру процесін ұйымдастыру кезінде білім алушылар мен педагогтердің қажеттіліктеріне жауап беретін технологиялық жабдықтар мен жиһаздардың толық тізбесі бекітілді. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін оқу кабинеттері, санитарлық тораптар, спорт залдары бар жеке блоктар қарастырылды. Төртіншіден, қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу есебінен қауіпсіздік шаралары арттырылды (ЖБО-ға шығатын цифрлық бейнебақылау, дабыл түймесі және дыбыстық хабарлау, есіктер мен блоктарды автоматты түрде бұғаттау), лицензияланған күзетпен қамтамасыз ету, күзет қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді", - деді министр.

Бұдан бөлек ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру қарастырылып, мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау талабы енгізілді. 

"Жетіншіден, оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдары мен киімдерді сақтауға арналған жеке шкафтар, қосымша гардероб қарастырылды", - деді Ғани Бейсембаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу