Жаңа заңнамалық түзетулердің арқасында мыңдаған студент табыс тапты – Оқу-ағарту министрлігі

578

"Қазіргі таңда 444 мемлекеттік колледждің 97-інде студенттер өз өнімдері мен қызметтерін сатып жатыр".

Жаңа заңнамалық түзетулердің арқасында мыңдаған студент табыс тапты – Оқу-ағарту министрлігі

"Мемлекеттік колледждердің студенттеріне оқуын тоқтатпай-ақ ақша табуға мүмкіндік берілген. 2021-2022 оқу жылында қабылданған заңнамалық нормалардың арқасында мыңдаған студент табыс тапты", – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Яғни жаңа заңнамалық түзетулер колледж студенттеріне оқу-өндірістік цехтар мен оқу шаруашылықтарында өздері өндірген өнімдерді сатуға мүмкіндік береді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанованың айтуынша, қазіргі таңда 444 мемлекеттік колледждің 97-інде студенттер өз өнімдері мен қызметтерін сатып жатыр. Мысалы, олар колледж қабырғасында дайындалған тәттілерді, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатады. Сондай-ақ "Дәнекерлеу ісі" мамандығы бойынша оқитын студенттер өндірістік тәжірибе кезінде темірден конструкциялар жасап, еңбек нарығына шығарады.

"Біз бұл жерде толық кәсіпкерлік қызмет туралы емес, тек өндірістік оқу мен тәжірибе кезінде өндірілген өнімдердің сатылып, колледж бюджетін толықтыруға болатынын ғана айтып отырмыз. Бұл қаражатты өндірістік оқытуға арналған электродтарды немесе металды сатып алуға пайдалануға болады. Мұндай жұмыстар еліміздің басқа колледждерінде де жалғасын табады", – дейді Насымжан Оспанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу