Жаңа зауыт 500 адамды жұмыспен қамтып отыр

1193

Жаңа зауыт 500 адамды жұмыспен қамтып отыр

Қарағанды қаласында тәулігіне 75 тонна өнім шығаратын нан зауыты ашылды.

Жаңа зауытта наубайшылардың жұмысы барынша жеңілдетілген. Нан пісіру ісі барысы түгел автоматтандырылған. Бағдарламасын белгілесеңіз болды, қалғанын компьютер өзі атқарады. Сағатына 1 тоннадан артық өнім шығаратын желіні бір ғана адам басқарады.

"Бізде компьютерлік автоматтандырылған жаңа ротор пештері орнатылған. Жаңа араластырғыш құралдар қорғаныс тетігімен қамтамасыз етілген. Уақытын қойып, қоссаңыз болды, ары қарай бәрін өзі істейді. Зауытта нан өнімдері мен тәтті тоқаштардың 45 түрі өндіріледі. Жоспар бойынша ай сайын жаңа үш өнім түрі қосылып тұрады. Кәсіпорын 500 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да жұмыс орындары қарастырылған", - деді кондитерлік цехтың бас технологы Любовь Борисова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу