Жаңа жыл қарсаңында 487 неке тіркелді

370

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады.  

Жаңа жыл қарсаңында 487 неке тіркелді Фото: bilimsaray.kz

Қазақстанда жас жұбайлардың көпшілігі неке қию рәсімін есте қаларлық ерекше күндерге жоспарлауды дәстүрге айналдырған. Соның дәлелі ретінде 31 желтоқсан күні елімізде 487 неке тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа жыл қарсаңында неке саны ең көп тіркелген өңірлер: 

  1. Алматы қаласы – 68 жұп;
  2. Түркістан облысы – 61 жұп;
  3. Астана қаласы – 47 жұп;
  4. Жамбыл облысы – 37 жұп;
  5. Қарағанды облысы – 30 жұп.

Мамандар атап өткендей, мерекелік күндерде неке қию рәсімін өткізу жастар үшін ерекше мәнге ие, өйткені бұл күндерді жұбайлар өмір бойы есте сақтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу