Жаңа жыл кешін кез келген ғимаратта ұйымдастыруға болмайды

Мұндай ескерту хабарын Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Бабаев жасап отыр. 

Жаңа жыл кешін кез келген ғимаратта ұйымдастыруға болмайды Фото: canva

Оның сөзінше, жаңа жыл кеші өтетін ғимаратқа қойылатын арнайы талаптар бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Адамдар жаппай жиналатын іс-шара ұйымдастырған кезінде кемінде 2 "эвакуация есігі" болу керек. Жаңа жылдық іс-шараны жанғыш жабыны бар ғимараттың екінші қабаттан жоғары бөлігінде өткізуге болмайды, – деп нақтылап өтті ол.

Маманның дерегінше, ғимарат ішін әсемдек кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтау маңызды саналады.

– Әшекей шамдарды электрге дұрыс жалғау қажет. Ғимараттың электр жүйесінде төмендеткіш трансформатор болмаса, шыршаға тағылатын шамдар тізбегінің кернеуі 12 вольттен аспау керек, – деп қатаң ескертті төтенше жағдай қызметінің өкілі.

Бұдан бұрын Үкіметтің тапсырмасымен полиция жаңа жылға күшейтілген режиммен кіріскенін жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу