Жаңа жыл кезінде қай жерлерде пиротехника қолдануға тыйым салынады?

140

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Бабаев Жаңа жыл мерекесіне арнап шырша тігу мен пиротехника қолданудың тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа жыл кезінде қай жерлерде пиротехника қолдануға тыйым салынады? Фото: grodnonews.by

–  Шыршаларды құламайтындай етіп, дұрыстап бекіту керек. Сонымен қатар эвакуация кезінде қолданылатын шығу жолдарына орнатуға болмайды. Шырша безендіруге арналған электрлі әшекей шамдар зақымдалмаған, зауыттан шыққан болу керек, – деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ, ол базардан пиротехника сатып алған кезде неге мән беру керектігін айтты.

– Ал пиротехниканы ашық алаңда қолдану керек. Автокөлікпен пен ғимараттардан 50 метр қашықтық сақтап қолдану қажет. Балаларға беруге, желді күні қолдануға, шатыр асты мен ағаштардың қасында тыйым салынады. Пиротехниканы сыртындағы нұсқаулық бойынша қолданған жөн. Базардан сатып алсаңыз, сертификатын талап етіңіз, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу