Кәсіпорын мәліметінше, суық циклонның артынан оңтүстіктен келетін жылы циклон келеді. 30 және 31 желтоқсан күндері Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады.
"30 желтоқсан күні еліміздің солтүстігі мен орталығында, ал, 30-31 желтоқсан күндері шығыста күн райы -2 градусқа дейін жылынады. Республиканың оңтүстігінде бұл күндері күн +5+15 градус жылы болады", – деп хабарлайды "Қазгидромет".
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу