Жаңа жыл түнінде Атырауда 62 сәби өмірге келді

1729

Жаңа жыл түнінде Атырауда 62 сәби өмірге келді

Жаңа жыл түнінде Атырауда 62 нәресте - 40 ұл мен 22 қыз бала өмірге келді. Бәрінің денсаулығы қалыпты жағдайда. Бұл туралы облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметіне сілтемемен atpress.kz хабарлайды.  

"Бір ғана облыстық перинаталдық орталықта бір тәулікте 34 сәби дүниеге келді. Оның 22 - ұл, 12 - қыз бала. Ал, Атырау қалалық перзентханасында 10 ұл, 4 қыз бала өмір есігін ашты", - дейді баспасөз қызметінен.

Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары Альмира Сабырғалиеваның айтуынша, соңғы жылдары туған нәрестелер арасында қызға қарағанда ұл көбірек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу