Туған нәрестелердің саны жынысы бойынша ұлдар мен қыздар бірдей. Олардың ішінде Ақтөбе облысында бір егіз дүниеге келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Дәстүрлі түрде ең көп нәресте туған өңірлер:
- Түркістан облысы – 29 бала;
- Шымкент қаласы – 24;
- Астана қаласы – 22;
- Алматы қаласы – 21.
Денсаулық сақтау министрлігі "Аналар саулығы" бағдарламасы шеңберінде экстрагениталдық патологияларды анықтау, жоспарланған жүктілікке дейін зерттеп-қараулар мен сауықтыру мақсатында профилактикалық қарап-тексерулер мен прегравидарлық дайындық жүргізуде.
2025 жылдың қорытындысы бойынша прегравидарлық дайындықпен қамту 11%-ға артып, әйелдердің 46,5%-ын құрады.
Жүктіліктің 10 аптасына дейін ерте есепке тұрған жүкті әйелдердің саны 25%-ға өсті. Бұл әрбір болашақ анаға жеке мультидисциплинарлық тәсілді қамтамасыз етуге, сапалы антенаталдық күтім көрсетуге, қауіпсіз босануға және босанғаннан кейінгі бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді.