Жаңа жылда адамдар аспаннан ерекше құбылысты байқай алады

Мұның жаңажылдық отшашуға еш қатысы жоқ. 

Жаңа жылда адамдар аспаннан ерекше құбылысты байқай алады Фото: Mads Pihl - Visit Greenland

Солтүстік шұғыласының көрінетінін Ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасы мәлімдеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақпараттарға сенсек, Күнде жоғары рентгендік класстағы жарылыс пайда болған. Енді оның массалық шығындары Жерде де байқалмақ. 

– Таңертең күн сәулесінде 7:14 пен 7:31-де қатарынан екі жаңа жоғары рентгендік X класы пайда болды. Жарылыстар күн дискісінің батыс бөлігінде, қайтадан әсер етуі мүмкін аймақта тіркелді. Жалпы, Күнде биылғы ең белсенді әрі ең күшті жарылыстың бірі тіркеліп отыр. Алдыңғы екі серпіліс өткен жылдың мамыр және қазан айларында байқалған, – дейді ғалымдар.

Есептеу қорытындысы бойынша, жарылыстың массалық шығарындылары 31 желтоқсанда жерге келеді, осылайша солтүстік шұғыласын тудыруы ықтимал. Яғни, ол жаңа жыл қарсаңында да байқалады деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу