Жаңа жылға қарай азық-түлік қымбаттай ма

1140

Сауалға Ұлттық экономика министрі жауап берді. 

Жаңа жылға қарай азық-түлік қымбаттай ма

Журналистер мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты сұрақ қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бағаның өсуіне қатысты айтар болсам, маусымдық құбылу бар, желтоқсанда әдетте бәрі жаңа жылға дайындалады. Сол себепті белгілі бір азық-түлік өнімдері қымбаттайды",– деп жауап берді Әсет Ерғалиев.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері министрге "қазір дүкендерде нан мен картоп қанша тұратынын білесіз бе?" деген сұрады. 

"Нан 130 теңге тұрады, түріне байланысты. Картоп 425 теңге шамасында", – деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек, Әсет Ерғалиев қазір үкімет экономикадағы инфляциялық процестерді тежеу үшін шаралар кешенін қабылдағанын айтты. Министр әр өңірмен бағаны бақылау жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

Еске сала кетсек, елімізде биылғы жылдың 10 айында инфляция 8,9%-ды құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу