banner

Жаңаарқада жаңа үйлердің кілті табысталды

1229

Жаңаарқада жаңа үйлердің кілті табысталды

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында 16 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды 24.kz.

2 - 3 бөлмелі пәтерлер кілті үй кезегінде тұрғандарға салтанатты жағдайда тапсырылды. 
Аумағы 962 шаршы метрді құрайтын екі қабатты тұрғын үйдің құрылысы "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша жүргізілген. Ол үшін республикалық бюджеттен 86 миллион теңге қаржы бөлінген.

Қазір Атасу кентінде "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 4 көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жуырда тағы 56 отбасы баспаналы болады.
Айта кету керек, қазір аудан бойынша 600-ден астам отбасы пәтер кезегінде тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу