Жанабыловтардың ісі сотқа жолданды

Өткен жылдың қазан айында 11 автокөлікті ұтысқа тіккен блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. 

Жанабыловтардың ісі сотқа жолданды Фото: CMN.KZ

Курс сатып, байымақ болған Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың ісі қоғамда көп талқыға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі Астана қаласының Экономикалық тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолдады.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Жанабыловтарда қылмыстық істен құтылатын бір мүмкіндік болғанын ескертті. 

Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілі блогер Жанәбілов пен келіншегінің ұтыс ойынын "лохотрон" деп атаған-ды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу