Жанәбіловтерге қатысты іс Қаржылық мониторинг агенттігіне әлі түспеген

484

Блогерлерге қатысты материалдар қылмыстық істе қаралады.  

Жанәбіловтерге қатысты іс Қаржылық мониторинг агенттігіне әлі түспеген Фото: instagram.com/zhanabylov_e

Блогер Жанәбіловтерге қатысты іс материалдары Қаржылық мониторинг агенттігіне әлі түспеген. Бұл туралы ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

" Жанәбіловтерге келсек, 15 қыркүйекте судьяның қаулысы шықты. Ол 10 тәулік ішінде заңды күшіне енуі тиіс. Қазіргі таңда біздің ведомствоға іс материалдары түскен жоқ. Материалдармен танысу керек. Егер қаулыда қылмыстық құқықбұзушылық белгілері туралы сөз болса, онда тиісті қылмыстық іс тіркеледі. Тергеу аясында сәйкесінше құқықтық баға беріледі. Әзірге бізге материалдар түспеді", – деді Жеңіс Елемесов.

Айта кету керек, бұған дейін блогер Жанәбіловтерге қатысты әкімшілік іс қылмыстыққа ауыстырылғанын жазған едік.

Туризм министрлігінің комитеті Жанәбіловтердің курсын бақылау үшін әдейі сатып алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу