Жаңадан құрылған Абай облысының логотипті таңдалды

937

Қыркүйек айында өңірдің логотипіне байқау жарияланған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жаңадан құрылған Абай облысының логотипті таңдалды Фото: inform.kz

Арнайы құрылған комиссия конкурстың қорытындысын шығарды. Комиссия құрамына қоғам белсенділері, өнер, БАҚ және Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері бар.

Барлығы 28 автордан 47 жұмыс түскен. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша "Семей көркем" жарнама агенттігінің жұмысы үздік деп танылған.

"Заманауи логотиптің стильді геометриялық сызықтары бар. Ұлы Абайдың Отанын ағарту мәдениеті тұрғысынан көрсету үшін жазу атрибуттарын қолдана отырып, білім мен мәдени ағартушылыққа баса назар аударылған. Бірегей түс схемасы аймақтың табиғи ландшафтынан алынған", – делінген облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.

Ал екінші және үшінші орындарға "Артекс" компаниясы мен қала тұрғыны Ш.Ақанов ие болды. "Артекс" компаниясының нұсқасындағы А және О әріптері Абай облысының аббревиатурасын білдіреді.

"Ш.Ақанов жұмысында еліміздің рухани астанасы – Семей қаласы мен облыстың сәулеттік өнерінің маржаны – аспалы көпір бейнеленген. Комиссия барлық жұмыстарды эстетикалық және идеялық мазмұн тұрғысынан зерттеді", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу