Жаңадан салынған жолдардан 283 заңбұзушылық анықталған

694

Алматыдағы ықшам аудандардың біріне қалыңдығы небәрі 6-7 см асфальт төселген.

Жаңадан салынған жолдардан 283 заңбұзушылық анықталған

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы басшылығымен ұйымдастырған тікелей эфирде айтылды. 

"Тұрғындар тарапынан көп шағым түскен жерлерді тексереміз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметімен бірлесіп 283 заңбұзушылықты анықтадық. Енді бұл олқылықтардың орнын толтырамыз", – деді Превенция департаментінің басшысы Ләйлә Йылдыз.

Сонымен қатар брифингте "Сапалы жол" жобалық кеңесінің әкімшісі Сырым Елубаев еліміздегі бірқатар жолдының сапасы тексерілгенін мәлімдеді. 

"Түркістан облысы, Созақ ауданында кешенді мониторинг жүргізілді. Барлық учаскелер қажетті сапа деңгейінде болған жоқ. Шымкент қаласында А-2 автожолы және Темірлан тасжолының қиылысындағы көлік айырығының оң жағын пайдалану бойынша мониторинг жүргізілді. Алматы қаласында Шаңырақ-2 шағын ауданында жоба белгіленген сапа стандарттарына сәйкес келмейтіні анықталды. Төселген асфальттың қалыңдығы 6-7 см ғана болды. Талдықорған қаласының көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының сапасы тексерілді", – деген "Сапалы жол" жобалық кеңесінің әкімшісі бұл олқылықтар бірден түзетілгенін ескертті. 

"Сапалы жол" жобасы жемқорлық туралы ескертуге және осы саланы қоғамдық бақылаумен қамтамасыз етуге бағытталған. Біз сараптама жасаумен де айналысамыз. Болашақта Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметімен бірге бірқатар бастаманы жүзеге асырмақпыз. Соның ішінде халықаралық стандарттарды ескере отырып нормативті техникалық база жасау. "Сапалы жол" жобасы бойынша конструктивті ұсыныстарыңбен бөлісіңіздер. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты ақпарат болса 1424 нөміріне хабарласып ескертсеңіздер болады", – деді ол.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу