Жаңаөзен тұрғыны жаяу жүргіншілерге балшық шашқаны үшін айыппұл төледі

151

Жаңаөзен қаласының тұрғыны жаяу жүргіншілерге балшық шашқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

Жаңаөзен тұрғыны жаяу жүргіншілерге балшық шашқаны үшін айыппұл төледі Фото: canva

Жаңаөзен қалалық сотында азамат Е.-ге қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 28 желтоқсанда Жаңаөзен қаласының Бостандық шағынауданында ер адам Mercedes маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, жаяу жүрген әйелдің үстіне балшық шашқан.

Осы әрекеті арқылы ол қоғамдық орында айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, кешірім сұрағанын және айыппұл түріндегі жаза тағайындауды өтінген.

Сот шешімімен азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу