Lider.kz іздестіру қозғалысының еріктілерінен алынған ақпаратқа сәйкес, әйел 1-ші микрорайонда тұрған.
Ол 2025 жылғы 5 тамызда сағат шамамен 19:00-де үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері хабар-ошар жоқ.
Туыстарының айтуынша, жоғалған әйелдің бойы шамамен 170 сантиметр, дене бітімі қалыпты.
Ғайып болған күні Дина Жарылғасова ақ бұршақтың суреті бар қара көйлек пен ұзын қызыл өрнекті жилет киіп жүрген. Оның қолында кішігірім хаки түсті сөмке болған.
Туысқандары мен еріктілер әйелді көрген-білген болса, қандай да бір ақпарат білсе хабарласуды сұрайды.
Ақпаратты мына телефон нөмірлеріне хабарлауға болады: +7 (700) 911-72-92 немесе 102.
Іздестірушілер аймақ тұрғындарын хабарландыруды таратуға көмектесуге шақырады – кез келген ақпарат маңызды болуы мүмкін.
– Соңғы рет сыныптастары тергеуге алынған. Жалпы олар жақсы араласатын. Оларды бір-бірлеп шақырды. Барлығынан анықтама, куәлік алды. Сіңлім екеуіміз күтіп отырмыз. Барымыз да, нарымыз да, жалғыз қамқоршымыз да… Білесіз, ондай жағдай оңай емес, – деді жоғалған әйелдің қызы Несібелі Қобылан.