Жаңаөзенде балабақша басшысы кәсіпкерге тиісті қаражатты төлеуден бас тартты

512

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында мемлекеттік балабақша басшысы күзет қызметін ұсынған кәсіпкерге тиісті қаражатты төлеуден бас тартқаны туралы құзырлы орындарға шағым түсті. Қызмет көрсету саласындағы мәселе оң шешілді.  

Жаңаөзенде балабақша басшысы кәсіпкерге тиісті қаражатты төлеуден бас тартты Фото: google

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің хабарлауынша, балабақша директоры мекемеге 640 мың теңге төлемеген. Құзырлы орган тараптарға кездесу ұйымдастырып, нәтижесінде бизнес өкіліне ақшалай қаражат толығымен өтелді.

Бақылаушы органдардың рұқсаттарын алу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік қолдау несие, гранттар, субсидиялар рәсімдеуде әкімшілік кедергілерге тап болған бизнес өкілдері уақыт оздырмай құқық қорқау саласына шағым түсіруі тиіс екені ескертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу