Жаңаөзенде ереуіл ұйымдастыруға әрекеттенген қылмыстық топтың жолы кесілді

361

Әзірге таралған мәліметтерде ұсталғандар саны, топ мүшелеріне тағылған нақты айыптар жарияланған жоқ.

Жаңаөзенде ереуіл ұйымдастыруға әрекеттенген қылмыстық топтың жолы кесілді Фото: Әлеуметтік желіден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Ішкі істер органдарымен бірлесіп, Жаңаөзен қаласында ереуіл ұйымдастыруға әрекеттенген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, топ мұнай-газ саласындағы мердігер компаниялардың бірінің басшылығымен сөз байласқан. Олар кәсіпорын жұмысшыларын жаппай наразылық акцияларына шығуға итермелеп, тапсырыс беруші "Өзенмұнайгаз" АҚ-дан қосымша қаржы алуға тырысқан.

ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті

Сондай-ақ дереккөздер талаптары орындалмаған жағдайда топ мүшелері мұнайшылардың наразылығын пайдаланып, Жаңаөзенде 2011 жылғы оқиғаларды қайталауға әрекеттенуі мүмкін болғанын хабарлайды.

Күштік құрылымдардың уақтылы әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында адам өліміне, жаппай тәртіпсіздік пен тонаушылыққа жол берілмей, қылмыстық топ ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу