Жаңаөзенде кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды

911

Жаңаөзенде кәсіпкерлікті дамыту мен бизнес өкілдеріне қолдау көрсететін қауымдастық құрылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Жаңаөзенде кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басын қосқан топ "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясымен бірлесе 23 жобаны қолға алмақ. Нәтижесінде, 600 жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, бір ғана өндіріс айналасында шоғырланған моно-қалада кәсіпкерліктің түрлі бағытын дамыту маңызды. Мәселен, Жаңаөзенде туризм мен ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге болады.

160 мыңға жуық тұрғыны бар шаһардағы қызмет көрсету сапасын да арттыруға мүмкіндік мол. Бұл ретте қауымдастық өкілдері Жаңаөзен жастарымен тығыз байланыс орнатуға ниетті. Енді мектеп бітірген түлек, мұнай-газ саласына ғана емес, қалаға тапшы мамандықты меңгеруге бағытталады. Ал қыркүйек айына дейін сарапшылар көмегімен Жаңаөзеннің экономикасы мен әлеуеті жан-жақты зерттеліп, шаһардың даму жоспарының жобасы әзірленіп, қала тұрғындары мен жергілікті атқарушы органның талқылауына ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу