Жаңаөзенде көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан полиция қызметкері ұсталды

629

Қазір заң бұзған полицейдің үстінен қызметтік тексеру басталды. Оның іс-әрекетін тәртіптік комиссия қарап жатыр. 

Жаңаөзенде көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан полиция қызметкері ұсталды

Қарға қарғаның көзін шұқымайды. Бұл жағдайға осы қағида жүрмейтінін көрсетті. Жаңаөзенде полиция қызметкері құқық бұзушының соңынан біраз қуып, әрең құрықтады. Жалған мемлекеттік нөмір тағып, жүйіткіген көлікте басқа емес, өз әріптесі болып шықты. 

Ол жалған мемлекеттік нөмірді "Toyota Crown" маркалы автокөлікке таққан.

Осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 4-бөлігімен көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Көлік айып тұрағына қамалды. Материал сотқа жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу