Жаңаөзенде көлік салығын төлемегендердің қарызы 151 млн теңгеден асты

368

Оның барысында борышкерлерден 342 мың теңге өндіріп алынған.

Жаңаөзенде көлік салығын төлемегендердің қарызы 151 млн теңгеден асты Фото: google.com

Жаңаөзендегі жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша берешек сомасы 151 млн теңгеден астып кеткендіктен арнайы рейд шаралары өтті. Оның барысында борышкерлерден 342 мың теңге өндіріп алынған.

"Салықтарды төлемеудің келеңсіз салдарын болдырмау үшін салық төлеушілерге салықтық міндеттемелерін тексеріп, берешегі бар болса, оны мүмкіндігінше тезірек төлеу ұсынылады.  Әрбір кешіктірілген күн бойынша айыппұл есептеледі. Тексерушілер қарызды уақытылы төлемегендерден қаражат сот арқылы өндірілетінін еске салды. Бұл жағдайда сома өсуі мүмкін", - деп ескертті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері. 

Жергілікті борышкерлерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ресми ескертулер берілгені айтылды.

Жұмыс барысында тағы бір тиімді шаралардың бірі қолданылған – борышкердің берешегі толық өтелгенге дейін көлік құралын пайдалануға шектеу қойылды.                                                                                                                                                  

"969 мың теңгеден аса салықты төлемегені үшін екі Lexus 470 және Lexus 350 жол талғамайтын көліктері тұраққа қойылған. Алдағы уақытта бұл шара жыл аяғына дейін тұрақты түрде жалғасады", - деп хабарлады мамандар.                                  

Жаңаөзен қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы салық берешегі 1 АЕК-тен, яғни 3 450 теңге асатын көлік иелерін мәжбүрлі өндіріп алу шараларын күтпей-ақ, қарызын толық өтеуге шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу