Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар келгенге дейін көлікке орнатылған газ баллоны жарылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар жүргізушілерге газ жабдығы орнатылған автокөліктерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салды. ТЖМ газ баллоны мен жүйенің жарамдылығын үнемі тексеріп тұруды, ал техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын тек мамандандырылған сервистерде жүргізуді ұсынады.
Газ иісі сезілген жағдайда көлікті дереу тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, автомобильден шығып, қауіпсіз қашықтыққа алыстау қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу