Жаңаөзенде қыз алып қашқан 5 жігіт сотталды

355

Қылмыстық іс "Адам ұрлау" және "Некеге мәжбүрлеу" баптары бойынша қаралып, сот үкімі заңды күшіне енді.  

Жаңаөзенде қыз алып қашқан 5 жігіт сотталды Фото: azh.kz/ЖИ көмегімен жасалған сурет

Маңғыстау облысында сот қызды еркінен тыс көлікке күштеп отырғызып әкету фактісі дәлелденді деп танып, бес айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңаөзен қалалық соты барлық сотталушыларды ҚР Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы 2-бөлігінің 1 және 4-тармақтары ("Күш қолдану арқылы некеге тұруға мәжбүрлеу") бойынша кінәлі деп тапты.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 16 желтоқсанда түнде үйіне кіріп бара жатқан қызды бейтаныс адамдар ұстап, күштеп көлікке салып әкеткен.

Айта кетейік, былтыр Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, адамды некеге мәжбүрлеу үшін 10 жылға дейін жаза қарастырылған. Соған қарамастан, қыз алып қашу деректері елде әлі де тоқтаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу