"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және Samruk-Kazyna Trust қолдауымен Жаңаөзен қаласында жаңа Орталық қалалық кітапхананың құрылысы жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жалпы ауданы 2 мың шаршы метрге жуық кітапхана 100 мыңға дейін кітап қорын сақтауға есептелген.
Құрылыс аяқталғаннан кейін кітапхана Жаңаөзен тұрғындары үшін заманауи мәдени-білім беру орнына айналады. Мұнда кітап оқу, білім алу және қоғамдық іс-шаралар өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу