Күдікті – күйеуі: Жаңаөзенде 7 баланың анасы қаза тапты

439

Оның 5-еуі кәмелетке толмаған. 

Күдікті – күйеуі: Жаңаөзенде 7 баланың анасы қаза тапты Фото: canva

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Пышақ жарақатынан 44 жастағы әйел көз жұмды. Марқұмның 7 баласы бар. Күдікті ретінде жұбайы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала анықталғандай, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал туындап, арты қайғылы жағдаймен аяқталған", – дейді Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Сағынов.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу