Жаңаөзендік теміржолшылар наразылыққа шықты

570

Жаңаөзен қаласындағы "Қазақстантеміржолы" компаниясына тиесілі ұжым жалақыларын 100% көтеруді талап етуде.      

Жаңаөзендік теміржолшылар наразылыққа шықты Фото: google

Наразы топ еліміздің өзге де теміржолшыларымен талаптары бірдей екенін айтты.

"Біз Жаңаөзен қаласының теміржол жұмысшылары Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстантеміржолының президенті Нұрлан Сауранбаевқа үндеу жолдаймыз. Біздің теміржол жұмысшыларының талабы: жалақымыздың 100% көтерілсін. Сонымен қатар, ұжымдық, кварталдық, жылдық сыйақы төлеуіңізді талап етеміз!"-дейді теміржолшылар.

Елімізде жер-жердің теміржолшылары айлықты көтеруді, сыйақы беруді талап етіп, наразылық акциясын бірінен кейін бірі өткізіп жатыр. Балқаш қаласында басталған акцияға Қарағанды, Астана, Атырау және Жаңаөзен теміржолшылары қосылды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу