Жаңаөзендік жұмыссыздар облыс әкімдігі алдына наразылыққа шықты

595

Жаңаөзен қаласының жұмыссыз азаматтары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.

Жаңаөзендік жұмыссыздар облыс әкімдігі алдына наразылыққа шықты

Олар осы жылдың ақпан айында Жаңаөзен қаласында бейбіт шеруге шыққан еді. Қала билігі 160 адамды түрлі мамандықтарға оқытқан. 

"Бізге курс оқу ұсынылған кезде 270-300 мың тг аралығында жалақысы бар жұмысқа орналастырамыз деді. Бәрі сөз күйінде қалды. Қазір ұсынылған жұмыстар айтқан уәделеріне сай келмейді", – деді жиналғандар. 

Маңғыстау облысы әкімдігі алдына жиналған наразы топ "Өзенмұнайгаз" компаниясына мамандықтарына сай жұмысқа орналастыруды талап етті.  

Тасым Жаңай 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу