Жанармай бағасы қалай өзгерді?

1461

Ірі желілердің барлығы бензиннің бағасын өзгертті. 

Жанармай бағасы қалай өзгерді?

Өткен жылдың басында елміздің жанармай нарығында бағаның сәл өскені байқалды. Бірақ карантин жариялануына байланысты баға қайта төмендеді, ал жаздан бастап жанармай құю бекеттеріндегі баға тұрақты болды. Желтоқсан айының соңына дейін АИ-92 бензинінің орташа бағасы литріне 149,7 теңге болды.

Бірақ бұл тұрақтылық ұзаққа созылған жоқ. 2021 жылдың алғашқы екі айында 92-нің бағасы көтерілді. 28 ақпанда орташа баға 152,7 теңге болды. Яғни әр литрі үш теңгеге қымбаттады деген сөз.

Ірі жанармай құю желілерінің бәрінде АИ-92 бензинінің бағасы өзгерді. Тек қазір Petro Retail компаниясына тиесілі "ҚазМұнайГаз" желісінде ғана АИ-92 бұрынғыдай 150, ал дизель 183 теңгеден сатылып жатыр.

Ең көп өсім "Газпромда" тіркелді. Оларда АИ-92 бензині 2020 жылдың соңында 154 теңге болған, ал қазір 159 теңгеге көтерілді. Бірақ дизель екі теңгеге арзандап,185 теңгеден сатылуда.

Ал өзгелері наурыз айының басында бағаны 2-4 теңгеге көтерді. Сонымен, қазір Helios-та жанармай 150 теңгенің орнына 154-тен, Sinooil мен Royal Petrol-да 155 теңгеден сатылып жатыр (бұрын 152 тг болған).

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу