Жанармай құю бекеттерінде АИ-95 бензині неге тапшы? – ҚМГ жауабы

360

Бүгінде АИ-95 маркалы бензинін өндіру бойынша жұмыстың негізгі бөлігі Атырау мұнай өңдеу зауытына жүктелген. 

Жанармай құю бекеттерінде АИ-95 бензині неге тапшы? – ҚМГ жауабы Фото: Колеса

"ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ" Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев АИ-95 бензинінің жетіспеушілігіне қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, республикада АИ-95 маркалы бензинін өндіру жоспары толық көлемде орындалды. 

"Кәсіпорындардың бірінде осындай мәселе туындаған кезде Энергетика министрлігімен бірлесіп тиісті түзету шараларын жүргіземіз. Яғни, кәсіпорындардың бірі қосымша өндіріс көлемін алады. Бензиннің жалпы көлемі толығымен өндірілді деп айта аламын. Бүгінгі таңда Атырау мұнай өңдеу зауытына жүктеме артты. Иә, кейбір жанармай құю бекеттерінде АИ 95 бензинінің тапшылығы туралы хабарламалар келді. Бірақ бұл логистикаға байланысты", - деді ол Астанада өткен баспасөз конференциясында.

Дмитрий Макеев жанар-жағармайды батыстан оңтүстік аймақтарға жеткізу 2 аптаға созылуы мүмкін екенін тілге тиек етті.

"Бензин бар. Бірақ оның белгілі бір көлемі қазір жолда", - деп түсіндірді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу