Жанармайға сұраныс 12%-ға төмендеді

673

Сұраныстың азайғанына қарамастан баға 3%-ға өсті.  

Жанармайға сұраныс 12%-ға төмендеді

2020 жылдың қаңтар-қарашасында елімізде 4,1 млн тонна жанармай өндірілді.  Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 0,3%-ға жоғары, деп хабарлады energyprom.kz. 

Өңірлер бойынша Шымкент 1,8 млн тонна (бір жылда + 2,9%), Павлодар облысы –1,3 млн тонна (бір жылда + 6,6%), Атырау облысы – 963 мың тонна (бір жылда - 12,2%) жанар-жағармай өндірген. 

Еске сала кетсек, аталған аймақтарда "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС, Павлодар мұнайхимия және Атырау мұнайөңдеу зауыты жұмыс істейді.

10 айдың қорытындысы бойынша елімізде өткен жылдан 11,5%-ға аз бензин сатылған. Ал авиа отынға сұраныс 30%-ға төмендеген. Оның басты себебі карантин шектеулері. Бұл ретте еліміздің зауыттары ішкі және сыртқы нарық сұранысын толық қанағаттандырды. 

Мұндағы импорттың үлесі 0,03%-ды құрап, 15,4 есеге төмендеді. Экспорттың үлесі 12,1% болды. Осылайша еліміз шетелге 445,6 мың тонн жанармай тасымалдады.  Бұл өткен жылдан 20 есе жоғары. 

Мамандар жыл сайын ішкі нарыққа 5-6 млн тонна мұнай жетпейтінін айтады. Бұл жетіспеушіліктің орнын Ресейден әкелінетін жанармай толтыратын. Ал биыл мұндай жағдай орын алған жоқ. 

2020 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша АИ-92-нің (1 литр үшін) бағасы 2,7%, АИ-95/96 – 0,8%, АИ-98 – 1,4%-ға қымбаттады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу