Жаңартылатын энергияның әлемдік қуаты 1650 кВт-қа ұлғайды

1261

Жасыл энергия экологиялық жағдайды жақсарту үшін қолданылуы тиіс.  

Жаңартылатын энергияның әлемдік қуаты 1650 кВт-қа ұлғайды

Үкімет басшысы Асқар Мамин  энергетика, қаржы, ұлттық экономика министрліктеріне және KEGOC ұлттық электр торабын басқару компаниясына нақты тапсырма жүктеді.

"Жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен ынталандыру және олардың тиімді қолдануын қамтамасыз ету үшін нақты қолдау шараларын әзірлеуді тапсырамын. Инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін халықаралық тәжірибені ескере отырып қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізуді жүктеймін", – деді Асқар Мамин.

Премьер-министр Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жаңартылатын энергия нысандары жоқ екенін тілге тиек етті.

"Әкімдіктер жаңартылатын энергия көздеріне қатысты жобаларға инвестор тартуға тиіс. Жасыл энергияны экологиялық жағдайды жақсарту үшін қолдану керек", – деді үкімет басшысы.

Оның сөзінше, соңғы 10 жылда жаңартылатын энергия көздерінің әлемдік қуаты 414 кВт-тан 1650 кВт-қа ұлғайған.

"Әлемдік қауымдастықпен бірге қадам басуға тиіспіз. Жаңартылатын энергия көздері инвестициялық тартымдылығы жоғары салалардың бірі. Үш мың МВт болатын жаңартылатын энергия көздері жобаларын сату үшін халықаралық аукцион өткіздік. Оған әлемнің 12 елінен 138 компания қатысты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуы және нақты нәтиже беруі керек", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу