Жаңатастағы апат: облыс әкімі апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

560

Қаладағы электр желілерін реттеу жұмыстарына 10 бригада жұмылдырылған.  

Жаңатастағы апат: облыс әкімі апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарымен танысты Фото: gov.kz

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданының Жаңатас қаласына барып, бораннан кейінгі жағдаймен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өңір басшысы алдымен "ЖаңатасСуЖылу" МКК қалыпқа келтіру жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ қатты желден құлаған электр бағандарын көріп, оларды жөндеу бойынша жауаптыларға тапсырмалар жүктеді.

Дінмұхаммед Қонаев атындағы орта мектепте болған облыс әкімі қаладағы 2-3 оқу ордасын жылытуға барынша көңіл бөлу керектігін баса айтты.

"Ол үшін арнайы генераторлар пайдаланылады. Бұл мектептерді жылыту пунктері ретінде дайын тұруы маңызды", – деді өңір басшысы.

Сонымен бірге "Шахан" қосалқы станциясына барған Нұржан Нұржігітов қаланы ең алдымен электр энергиясына қосу керектігін жеткізді.

Қазір электр желілерін реттеу жұмыстарына 10 бригада жұмылдырылған.

Әкім бұл жұмыстарды 2-3 сағатта аяқтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу