Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігі циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай соғады.
Шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік өңірлердің жекелеген аудандарында бұршақ болуы мүмкін. Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысына антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз, жылы ауа-райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік-шығыста дауыл күтіледі.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі уақыттарда – тұман болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі күтіледі. Желдің жылдамдығы 5-10м/с жетеді.
Атырау облысының шығысында, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі болады.
Түркістан, Қызылорда, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында да өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында да төтенше өрт қаупі сақталады.